Ресурстар

АӘК алушылар 2020 жылы несие рәсімдей ала ма?

Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мамандары айтып берді

Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың несие рәсімдеуіне ешқандай шектеу жоқ, деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) баспасөз-қызметі.  

Бюро мамандарының айтуынша, төлем қабілетін бағалауға қатысты жаңа талаптарға байланысты, АӘК алатындарды «несие ала аламыз ба» деген сауал алаңдатады. 

«Борыш жүктемесін есептеу кезінде, несие бойынша барлық төлемдер мен мерзімі өтіп кеткен қарыз есепке алынады. Бәрін қосқанда ол борышкер табысының 50 пайызынан аспауы тиіс. Егер несие алушы басқа да табыс көздерін көрсете алса, ал АӘК алушы өзінің төлем қабілетін зейнетақы жарнасы негізінде саналған кірісі, алатын жәрдемақысының көлемі, салық жарнасы немесе банк анықтамасы арқылы дәлелдей алады»,– деп түсіндірді БКБ атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.  

Оның айтуынша, БКБ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, нарықты реттеушінің жаңа талабына дайындап, Еңбек минінен ақпарат алуды жеңілдеткен. 

«Бюро АӘК  алушылар туралы ақпаратты тек қана несие алушының рұқсатымен қаржы нарығына қазірдің өзінде ұсына алады. Ал бірінші және екінші кезеңдерді 2-3 секундта есептеп береді», – деді ол. 

Айта кетейік, несие бойынша шектеу табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни, 31 183 теңгеден аспайтындарды қамтиды.  Бұл ретте, несие алушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, төлем қабілетін есептеу кезінде олардың әрқайсысына ең төменгі күнкөріс шегінің жартысын санау керек.  Егер несие алушы бірінші кезеңнен өтсе, яғни төлем қабілетін растай алса, кредитор екінші кезеңге өтеді. Бұл кезеңде борыш жүктемесі коэффициентін есептеу ережелеріне сәйкес, несие сомасы мен ай сайынғы төлем көлемі анықталады. 

Кредиторлар қарыз жүктемесін ең төменгі 1 айлық жалақыдан (2020 жылы – 42500 теңге) асатын тұтынушылық несиенің бәрін есепке ала отырып есептейді.  

Ашық дереккөздерден алынған ақпарат  бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарына АӘК алушылардың саны 1,6 милионнан 900 мыңға дейін қысқармақ.