ІшкІсМин шетелдіктерге ыхтиярхат беру тәртібін бекітеді

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Азаматтығы жоқтығын растайтын куәлікті кеңес паспорты және түрмеден босағаны туралы анықтамасы барлар ала алады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы» жарлығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. 

Азаматтығы жоқ адамдарға куәлік пен елімізде тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхатты беру қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атқарады. 

Қызмет 17 жұмыс күні ішінде немесе жеделдетілген тәртіп бойынша жеті жұмыс күні ішінде ұсынылады. Нәтижесінде, өтініш берушіге құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдемелі жауап беріледі. 

Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу барысында 8 АЕК (2019 жылғы 1 АЕК 2525 теңгеге тең)  мемлекттік баж салығын төлеу міндеттеледі. Ал шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресімдеу кезінде төлейтін мемлекеттік баж  0,2 АЕК-ті құрайды. 

Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатты ресімдеу үшін: жарамды ұлттық паспорт, мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбіртек және өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет керек. 
    Ал  азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін: мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбіртек, өлшемi 3,5 х 4,5 см. үш фотосурет және мына құжаттардың бірі:  жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының),  әскери билет, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама, туу туралы куәлік тапсырылады. 

Егер көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың немесе олардағы деректердің дұрыс еместігі анықталса және көрсетілетін осы мемлекеттік стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, мемлекеттік қызметтік  қызмет көрсетуге ұсынылған материалдар талапқа сәйкес болмаса, онда қызмет көрсетуден бас тартылады. 

Бұл «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына  ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету  тәртібін айқындайтын қағидалар «Көрсетілетін мемлекеттік   қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамның куәліктерін және шетелдіктің тұруға ықтиярхатын беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

Жария  талқылау 2020 жылғы 14 қаңтарға дейін жалғасады. 

Сондай-ақ оқыңыз