Назарбаев Ішкі істер министрі мен Бас прокурорды қабылдады

Жарияланды 26 Желтоқсан 2019 04:05

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша Қазақстанда қылмыс саны 16% азайған.

Сонымен қатар, ЕрланТұрғымбаев ҚР экс-басшысына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдап, Бас прокурор Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы  және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы мәлімет берді. 

Сондай-ақ оқыңыз