Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.
Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша Қазақстанда қылмыс саны 16% азайған.
Сонымен қатар, ЕрланТұрғымбаев ҚР экс-басшысына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдап, Бас прокурор Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы мәлімет берді.