28-желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз-хатшысы Берік Уәли.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады»,– деді Берік Уәли.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. Таңғы 07:22 кезінде № Z2100 рейсті ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті.