27-желтоқсанда ұшағы Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air авиакомпаниясының баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Құрметті қазақстандықтар, қайғылы оқиға байланысты BEK AIR авиакомпаниясы атынан шын жүректен көңіл айтамыз.
Қазіргі таңда біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан арнайы қызметтердің ресми ақпаратын күтіп отырмыз. Оған дейін сіздерден таратылып жатқан жалған ақпаратқа назар аудармауды өтінеміз, себебі олар алаяқтық сипатта болуы мүмкін. Сіздерден өтінеміз, сабыр сақтап, ресми ақпаратты күтіңіздер», – делінген авиакомпанияның Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған хабарламасында.
27-желтоқсанда таңертең Bek Air авиакомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Таңғы сағат В 07.22-де № Z2100 рейсіін орындаған ұшақ әуеге көтерілу кезінде бетон қабырғаны бұзып, екіқабатты құрылысқпен қақтығысқан болатын. Әуе к. Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 15 адам қазаға ұшырап, 66 жолаушы ауруханаға жеткізілсе, олардың арасындағы 50 адам ем қабылдауға жатқызылды.