Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Жарияланды
Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Бүгін Гуанчжоу сотында есірткі заттарының котрабандасы үшін айыпталған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.
«Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды», – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер.
Ведомство мәліметтері бойынша, сот отырысына адвокаттар, ҚХР-дағы Қазақстан елшілігінің консулы қатысқан.
Сот үкімі 10 күннен кейін күшіне енеді.
Атап айтсақ, бойжеткен 2014 жылғы наурызда құрықталған болатын. 2015 жылғы маусымда сот оны есірткі контрабандасы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. 2016 жылы үкімнің күші жойылып, іс жаңа қарауға жіберілген болатын-ды.