Ресурстар

Педофилия фактілерін жасырғандар жауапкершілікке тартылады

Бұл шара балалардың құқығын қорғауға бағытталған

Жабық балалар мекемелерінде педофилия фактілерін жасыру, бұрмалау  – ауыр қылмыс санатына өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметханов мәлімдеді. 

Бұндай қылмыс үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Балалар үйі, мектеп-интернат сынды жабық мекемелерде осындай қылмыстарды жасырып-жасқау фактілері тіркелген. Енді балаларға қатысты қандай да бір қылмысты жасырып-жасқағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деді Ахметжанов