Ресурстар

Қаза болған Сүлейманидің мүрдесі Иранға жеткізілді

Жерлеу рәсімі 7-қаңтарда өтеді

Ирактағы «Кудс» ирандық арнайы жасақ бөлімшесінің қаза болған командирі Касем  Сүлейманидің мүрдесі жексенбіде Иранға жеткізілді, деп хабарлайды ирандық IRIB телерадиокомпаниясына сілтеме жасаған Интерфакс-Казахстан.

Қазіргі уақытта қоштасу рәсімі өтіп жатыр, әскери қолбасшыны жерлеу сейсенбі, 7-қаңтарға белгіленген.

Бұрын хабарланғандай, генерал Сүлеймани 3-қаңтардағы түнде американдық әскери-әуе күштері Бағдадтағы халықаралық әуежайға зымырандық соққы берген кезде қаза болған-ды. Оның көзін Иракта жою жөніндегі операция президент Дональд Трамптың нұсқауы бойынша жүзеге асырылған болатын.
 

«Кудс» командирін өлтіру Иранда наразылық пен ашу-ыза тудырды, Тегеран Вашингтон әкімшілігінің әрекетіне табанды жауап қайтаруды уәде еткен болатын.