Абхазия президенті өкілеттігін тоқтатудан бас тартты

Жарияланды 10 Қаңтар 2020 06:15

(жаңартылды 18 Шілде 2022 18:47)

Абхазия президенті Рауль Хаджимба лауазымын босатпайды, деп хабарлайды «Интерфакс».

«Мен өз лауазымымда қаламын және өзіме Конституция берген міндеттерімді атқарамын», – деп жазды республика басшысының сөзін келтірген ақпараттық басылым.

Естеріңізге салсақ, президенттің қызметтен кетуін талап еткен оппозиция атой салып, президент әкімшілігіне басып кірген болатын. Абхазия парламенті кезектен тыс сессияда республика президентін қызметтен кетуге шақырған үндеу қабылдаған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз