Ресурстар

АҚШ Конгресі Трамптың әскери өкілеттерін шектеуді жөн көрді

Өкілдер палатасы тиісті шешім қабылдады

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Құрама Штаттар президенті Дональд Трамптың Иран бойынша әскери өкілеттерін шектейтін резолюцияны мақұлдады, деп хабарлайды «Интерфакс».

Бастаманы 224 конгрессмен қолдаса, қарсы 194 дауыс берілген. Қабылдан құжат заң күшіне ие емес, сенат оны мақұлдаған жағдайда, ол қол қоюға президентке жолданады.

«Өткен аптада Трамп әкімшілігі Иранның жоғары лауазымды әскери шенеуніктеріне қарсы арандатушы әрі үйлесімдігі жоқ әскери әуе соққысын жасады. Әкімшілік бұл шешімді Конгреспен ақылдаспай қабылдады. Аталмыш акция біздің әскери қызметшілерді, дипломаттарды және басқа тұлғаларды қауіпті жағдайға қойып, Иранмен қарым-қатынаста елеулі шиеленіс тудырды. Сол сәттен бері президент өзінде Америка халқының қауіпсіздігін және Иранмен арадағы қарым-қатынасты ретке келтіріп, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі стратегия жоқ екенін анық көрсетті», – деп мәлімдеді палата спикері Нэнси Пелоси.

3-қаңтарға қараған түні АҚШ Бағдад халықаралық әуежай аймағында Иран армиясының  элиталық бөлімшесі – «Кудс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Касем Сүлеймани мен Ирактағы шиит жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандисаға қарсы операцияны жүзеге асырған болатын. Вашингтон 2019 жылғы 31-желтоқсанда Бағдадтағы американдық елшілікке жасалған шабуылды ұйымдастыруға олардың қатысы бар деп санайды. Шабуыл барысында Сүлеймани және тағы 9 адам оққа ұшқан болатын. . 

3-қаңтарға қараған түні АҚШ Бағдад халықаралық әуежай аймағында Иран армиясының  элиталық бөлімшесі – «Кудс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Касем Сүлеймани мен Ирактағы шиит жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандисаға қарсы операцияны жүзеге асырған болатын. Вашингтон 2019 жылғы 31-желтоқсанда Бағдадтағы американдық елшілікке жасалған шабуылды ұйымдастыруға олардың қатысы бар деп санайды. Шабуыл барысында Сүлеймани және тағы 9 адам оққа ұшқан болатын. 

Оған жауап ретінде Иран АҚШ-тың Ирактағы екі әскери нысанына зымырандық соққы берді.