АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда наразылық акцияларына шыққандарға қолдау білдірді.
«Өздеріңіздің ұлы Иран халқын өлтіруді доғарыңыздар», – деп жажды Трамп Twitter-де.
Сонымен қатар Ақ Үй басшысы «интернетті қайтаруды» және журналистерге ел ішінде еркін жүруге рұқсат беруді талап етті.
«Әлем мұның бәрін бақылап отыр. Одан да маңыздысы — АҚШ қадағалап отыр», — деп қосты сөзін нақтылаған ол.
Бұған қосарымыз, Иран билігі украиналық Boeing ұшағының апаты үшін жауапкершілікті өз мойнына алған соң, Иранда наразылық акциялары басталды Тегеран көшелеріне қауіпсіздік қызметтерінің қосымша күштері шығарылған.
Ел астанасының халық көп шоғырланған аудандарында оқатар қарумен және арнайы шоқпарлармен қаруланған, шлем мен бронежилет киген адамдар қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті бақылап жүр.