Жаңа жылдан кейін Қазақстанда азық-түлік қыбаттай бастады

Жарияланды
Бағаның өсуі жоғары сұраныс есебінен орын алуда

Ағымдағы жылдың алғашқы аптасында, айдың басынан 8-қаңтарға дейін, әлеуметтік маңызы бар (19 атауды қосатын) азық түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға өсті, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Бәрінен көп қарақұмық жармасының бағасы өскен, шамамен, 1%-ға. Жұмыртқа 0,7%-ға, кеспе және ірімшік 0,6%-ға,  сарымай және сарымсақ 0,5%-ғағ картоп пен сәбіз 0,4%-ға қымбаттаған. Тек күріш біршама (1%-ға) арзандаған.

ҚР Ұлттық банкінің есебіне сәйкес, азық-түлік тауарлары елдегі инфляцияға неғұрлым жоғары үлес қосып отыр, атап айтқанда, ет, на-тоқаш бұйымдары мен жармалар бағасының өсуі, бір жыл ішінде олардың бағалары тиісінше, 13,4%-ға және 15,5%-ға өскен. 

Инфляция өсуінің негізгі факторы тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылық сұраныстың кеңеюі болып табылады.   Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындылары бойынша ақшалай нақты табыс 6,4%-ға өскен, оған бюджеттік саясат және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар жағдай жасаған.Үшінші тоқсанда нақты еңбекақы 12%-ға артқан, өсім экономиканың барлық негізгі секторларында байқалады. Үй шаруашылығына тұтынушылық несиелендірудің жоғары қарқыны қолдау жасап отыр — 2019 жылғы қазанда ол 23,8%-ды құраған.

Осы орайда, реттеуші қаңтар-қыркүйек айларында тұтынушылық импорттың 7,4%-ға дейін жеделдетілгенін тіркеген, әсіресе,азық-түлік тауарларының —11,2%-ға. Болжамдар бойынша, 2020 жылы тенденция жалғасады, соған байланысты тұтынушылық тауарларының бағасына инфляциялық қысым сақталады.

Продукты дорожают-1.png

Сондай-ақ азық-түліктің сыртқы нарығындағы бағалар да өсімді көрсетіп отыр, міне, сол өсім ішкі бағаларға жоғары қысым көрсетуде.  Қарашада азық-түлік бағаларының индексі 9,5%-ға артқан, ол ет, сүт тағамдары және сұйық май бағаларының өсуіне байланысты орын алған. 2020 жылы дәнді дақылдардың әлемдік бағасының өсуі сақталады, өйткені олардың қорлары азайса да тұтыну артып жатыр. Жалпы, реттеушінің болжамдары бойынша, инфляция  деңгейі 2019-2020 жылдарға белгіленген 4–6% мақсатты дәлізінде сақталады.

Продукты дорожают-2.png

Сондай-ақ оқыңыз