Ресейде еңбек мигранттарын жұмысқа тартатын кәсіпорындарды жоспарлы тексерулерден босату ұсынылды. Бұл турасында РФ үкіметі заңының жобасына сілтеме жасаған «Известия» газеті хабарлайды.
Құжат ескірген және өзектілігін жоғалтқан құқықтық-нормативтік актілердің күшін жою жөніндегі «Регуляторная гильотина» заңнама реформасы шеңберінде дайындалған.
Басылым мәліметтері бойынша, ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың маусымында тиісті түзетілерді ұсынуға тиіс. Ал заң жобасының өзін 2020 жылғы қыркүйекте РФ Мемлекеттік Думасының қарауына ұсыну жоспарланған. Аталмыш шара бизнес пен еңбек мигранттарының тұрмысын жеңілдетеді, деп күтілуде.
Өзбекстанның Сыртқы көші-қоң жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, шетелдерде жүрген еңбек мигранттарының жалпы саны 2,6-дан 3 млн-ға (2019 жылғы тамыздағы мәлімет) дейінгі адамдарды құрайды. Өзбекстандық еңбек мигранттарының негізгі бөлігі Ресейде (2,2 млн-ға жуық адам) жұмыс істейді. Олардың 360 мыңы ӨР Еңбекпен қамту және еңбек қатынастары министрлігі желісімен ресми түрде кеткендер. Өзбекстан Орталық банкі мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың қорытындылары бойынша РФ-дағы еңбек мигрантарынан республикаға жасалған ақша аударымдарының көлемі $3,9 млрд-тан асып кеткен.