Сәрсенбіде АҚШ-тың Өкілдер палатасы ел президенті Дональд Трампқа қатысты істі ары қарай сенатта қарастыру үшін көпшілік дауыспен «импичмент менеджерлерінің» аты көрсетілген резолюцияны мақұлдады, деп хабарлады Интерфакс-Казахстан.
228 конгрессмен резолюцияны қолдап дауыс берсе, 193-і қарсы болған.
«Импичмент менеджерлерін» тағайындау оларға АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасына Трампқа қарсы баптарды тапсыру өкілеттерін береді, жақында ол жерде сот процесі басталып, сенаторлар алқабилердің, ал Өкілдер палатасының мүшелері айыптаушы тараптың міндеттерін атқаратын болады.
Енді «импичмент менеджерлері» дауыс беруден кейін сенатқа аттанып, өздері жетекшілік ететін істің материалдарын тапсырулары керек.
2019 жылғы 24-қыркүйекте американдық ақпараттандырушы Трамптың 25-шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы болған әңгімесіне қатысты алаңдаушылық білдіргеннен кейін, демократтар президентке қатысты импичмент процедурасы туралы бастама көтерген болатын.
Әңгіме барысында Трамп Зеленскйиді АҚШ-тың экс-вице-президенті Джо Байденге және оның ұлы Хантерге қарсы, сондай-ақ Украина аумағынан 2016 жылғы американдық сайлауға араласу мүмкіндігіне қатысты тергеу бастауға шақырған болатын.
Соның нәтижесінде, өткен жылғы желтоқсанда АҚШ-тың Өкілер палатасы ел президенті Дональд Трампқа айыптаудың екі тармағы бойынша импичмент жариялады. Әңгіме билікті теріс пайдалану және конгресс тарапынан жүргізілген тексеруге кедергі келтірілгені туралы болып отыр.
Енді Трампты, шын мәнінде, лауазымнан алып тастау қажет пе, деген мәселені сенат шешетін болады.