Ресурстар

Павлодар облысы әкімдігі «Бақауов қамауға алынды» деген ақпаратқа пікір білдірді

Бұдан бұрын аймақ басшысының және оның көмекшісі мен орынбасарының қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын

Әкімдік Павлодар блысының әкімі Болат Бақауовтың қамауға алынғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз,» -делінген Павлодар облысының Facebook-тегі парақшасында.

Бұған біздің қосарымыз, осыдан біраз бұрын БАҚ-тарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің Бақауовтың көмекшісімен және орынбасарларының бірімен бірге қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын