Мишустин Ресей үкіметінің төрағасы болып тағайындалды
Жарияланды
(жаңартылды )
Бұдан бұрын, ол Федералдық салық қызметін басқарған
Ресей президенті Владимир Путин Михаил Мишустинді үкімет төрағасы лауазымына тағайындады.
«Ресей Федерациясы Конституциясы 83-бабының «а» тармағына сәйкес Мишустин Михаил Владимирович Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы болып тағайындалсын», – делінген Кремльдің сайтындағы құжатта.
Оған қосарымыз, Мишустин 2010 жылғы сәуірден бері Федералдық салық қызметінің басшысы лауазымында болған.
Естеріңізге салсақ, сәрсенбі, 15-қаңтарда Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев қызмет етіп отырған үкімет толық құрамымен отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.