Ресурстар

Мишустин Ресей үкіметінің төрағасы болып тағайындалды

Бұдан бұрын, ол Федералдық салық қызметін басқарған

Ресей президенті Владимир Путин Михаил Мишустинді үкімет төрағасы лауазымына тағайындады.

«Ресей Федерациясы Конституциясы 83-бабының «а» тармағына сәйкес Мишустин Михаил Владимирович Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы болып тағайындалсын», – делінген Кремльдің сайтындағы құжатта.

Оған қосарымыз, Мишустин 2010 жылғы сәуірден бері Федералдық салық қызметінің басшысы лауазымында болған.

Естеріңізге салсақ, сәрсенбі, 15-қаңтарда Ресейдің  премьер-министрі Дмитрий Медведев қызмет етіп отырған үкімет толық құрамымен отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.