Түркімен ИГИЛ-дың жаңа көшбасшысы атанды
Мұхаммед Абдул Рахман әл-Мавли әл Сәлби ИГИЛ-дың (Қазақстанда тыйым салынған) жаңа басшысы атанды, деп хабарлайды британдық арнайы қызметтің өкілдеріне сілтеме жасаған The Guardian.
Сәлби лаңкестік топтың негізін қалағандарыдң бірі болып табылады. Ұлты түркімен ол көпшілігі араб халықтарының өкілі болып табылатын «Ислам мемлекеті» басшылары үшін сирек кездесетін құбылыс. Ол өзінің алдында топқа басшылық жасаған Әбу Бакр әл-Бағдади қазан айында оққа ұшқан соң, бір-екі сағат өтісімен көшбасшы болып тағайындалды.
Сальби топтағы ықпалы ең күшті идеологтардың бірі саналады. Жаңа басшы Ирактағы Талль-Афар қаласындағы түркімен отбасында дүниеге келген. Сәлби езидттерге (сириялық және ирактық христиандар) қарсы геноцидке негіз болған діни қаулы шығарған. В 2004 жылы оны Иракта АҚШ әскерлері қамауға алған еді. Бағдади қаза болардан бұрын АҚШ Сәлбидің көзін құртуға $5 млн көлемінде сыйақы белілеген болатын.