Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігімен бірлескен мәжіліс өтті, оған қатысушылар ведомстводағы сыбайлас жемқорлық саласындағы ереже бұзушылықтарды қарастырды.
«Соңғы екі жылда анықталған сыбайлас жемқорлық қылықтары (АШМ-де) 134-тен (2018 жылғы) 155-ке дейін (2019 жылғы) өскен. 2019 жылы, жергілікті атқару органдарын қоса алғанда, қылмыстық жауапкершілікке 105 адам тартылған. Келтірілген шығын 500 млн теңгеден астам соманы құрады», – сөзін нақтылайтын статистика келтірген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаменті басқармасының басшысы Данияр Бахытов.
Қаржы жымқырудың, парақорлықтың және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың негізгі бөлігі мемлекетік сатып алуларды жүзеге асыру, рұқсат және субсидиялар беру кезінде орын алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі (АШМ) сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғары болуын ведомство көрсететін қызмет түрлерінің өте ауқымды болуымен байланыстырды.
Өз кезегінде агроөнеркәсіп кешенінде гі мемлекеттік инспекция төрағасы Алмабек Марс осы бағыттағы жағдайды жақсарту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтті.
«Біріншіден, біз бейне тіркеуіштер орнатық, екіншіден, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарттық, үшіншіден, қандай да бір қызметті алуға қажетті құжаттар тізімін қысқарту мәселесін қарастырып жатырмыз», – деді ол.