Мамин қазақстандықтардың нақты табысын 6%-ға артыруға уәде берді
Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша қазақстандықтардың нақты табысы 6%-ға артады, ал экономика өсімі 4,7-5%-ды құрайтын болады, деп хабарлады ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.
«Үкіметтің 2020 жылғы жұмысының негізгі мақсаты экономиканың 4,7-5% деңгейдегі өсімін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, 430 мың жаңа жұмыс орнын ашу, негізгі капталға инвестия құюды 20%-ға дейін жеткізу, шикізат емес экспортты 18,6 млрд долларға дейін жеткізу, халықтың нақты табысын 6%-ға арттыру бойынша мақсат қойылып отыр», – деді ол 24-қаңтарда мемлекет басшысы қатысқан үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде.
Мамин үкімет жұмысындағы басты басымдық экономикалық өсімнің қазақстандықтар тұрмысы деңгейінің нақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өтті.
«Бізде осы мақсаттарды шешудің нақты жоспары бар, біз оны жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», – деп уәде етті премьер.
Сонымен бірге 2019 жылы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 29,5%-дан 30%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.