Ресурстар

Пневмонияның жаңа түрінен Қытайда 26 адам қайтыс болды

Инфекцияны жұқтырғандардың саны 849-ға жеткен

«Қытайда коронавирустан қаза болғандардың саны 26 адамға жетті», деп хабарлайды ҚХР-дың аймақтық денсаулық сақтау және гигиена мәселелері комитеттеріне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.  

849 адам инфекция жұқтырған. Соның ішінде, 177 кісінің хәлі аса ауыр, ал 34 адам ауруханадан емделіп шыққан. 

Пекин билігі қаладағы ауқымды шаралардың барлығын кейінге қалдырды.