Дүйсенбі, 27-қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда күрделі ауа райы және көрудің шектелуі алдарынан барлық рейстер белгісіз уақытқа дейін шегерілген. Бұл турасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Сонымен қатар, Азаматтық авиация комитетіндегілер желдің жылдамдығы 20 м/сек-қа, ал оның ұйытқып соғуы 24 м/сек-қа дейін жеткенін хабарлады. Болжам бойынша, жел екпінінің 27 м/сек-қа дейін күшейуі күтілуде. Соның салдарынан, 19 ішкі, 13 халықаралық рейстердің ұшуы кешігіп жатыр. Елордадан ұшатын 14 ішкі, 4 халықаралық рейстер кестеден алынып тасталды. Ұшып келетін 16 халықаралық, 20 ішкі рейс кешігіп жатса, ұшып келетін 13 ішкі және 2 халықаралық рейс кестеден алынған.