«ҚТЖ» ҰК» Акционерлік қоғамы коронавирусқа қарсы қолданылған шараларды жариялады, деп хабарлайды тасымалдаушының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда «Үрімші – Алматы-2» және «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрімші» рейстерін уақытша тоқтату процедурасы жүзеге асырылуда.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің қызметкерлері тарапынан жолаушылардың дене қызуы тепловизорлармен тексеріліп, Қытайдан келген қызметкерлер мен жолаушылардан сауалнама алынып жатқаны туралы хабарланған.
Поезд бригадаларының барлық еңбеккерлерінде бетперделер бар. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасында темір жол көлігімен багаж тасымалдауғажәне қол жүгін алып жүруге бақылау күшейтілген.