Қазақстан Қытаймен шекараны жаппайды
Қазақстан коронавирус таралуы себебі бойынша Қытаймен шекараны жапайды, деп хабарлады сыртқы істер вице-министрі Шахрат Нұрышев.
«Шекара жабылған жағдайда біз өз азаматтарымызды Қытайдан толық алып шығаруды қамтамасыз ете алмаймыз. Біздің деректеріміз бойынша, ҚХР аумағында біздің 13300 азаматы бар, олардың 635 – Хайнанда жүрген туристер, 204 адам – елшілік пен бас консулдықтың қызметкерлері, сондай-ақ ҚХР аумағында жеке шаруаларымен жүрген тағы 445 Қазақстан азаматтары бар», – деді ол 28-қаңтарда үкіметтегі баспасөз мәслихатында шекараны жабу мүмкіндігі бойынша қойылған сұраққа жауап беру кезінде.
Сонымен бірге, ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі мен бас консулдығы ҚХР азаматтарына виза рәсімдеу кезінде олардың денсаулық ахуалы туралы анықтама бөлігіндегі талаптарды күшейтті.
«Екіншіден, үкімет шешімімен ҚХР азаматарының Қазақстан аумағында 72 сағат визасыз транзиттік болуы уақытша тоқтатылды», – деп атап өтті Нұрышев.
Бұдан бөлек, ҚХР азаматтарына қазақстандық әуежайларға келген соң электрондық визаларды рәсімдеуді тоқтату туралы шешім қабылданды.
Бұдан бұрын, Қытайда коронавирустан 100-ден астам адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.