Коронавирустан 100-ден астам адам қаза болды
28-қаңтардағы таңертеңгі мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирустан қайтыс болудың 107 дерегі тіркелген, ал Хубэй провинциясында 24 қазалы жағдай және 1,3 мыңға дтарта адамның дертті жаңадан жұқтыруы орын алған.
Интерфакс хабарлағандай, дерт тараудың эпицентрі болып табылатын провинцияның әкімшілік орталығы Ухань қаласында 22 адам қайтыс болса, тағы екі адам Тяньмэн қаласында көз жұмған.
Өткен жылғы желтоқсаннан провинцияда дертке шалдығудың 2 мың 714 оқиғасы тіркеліп, олардың 100 жағдайында сырқаттардың өлімі орын алған..Сонымен қатар, дерттен айыққан 47 адам ауруханадан шыққан.
Бұдан бұрын Қазақстан билігі өз азаматтарын көшіру үшін Қытайдың мақұлдауын күтіп отырғаны хабарланған болатын.
ҚР Денсаулық Сақтау министрлігі Қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Қытайдан оралған отандастарымыздың 14 күн бойы медициналық тексеру мен бақылаудан өтетінін хабарлаған еді.