Ресурстар

Қытайда коронавирустан 130 астам адам қайтыс болды

Сауығып шыққандар саны – 107

Өткен тәулікте коронавирус құрбандарының саны 131 адамға жетсе, 107 адам сауығып шыққан, дертке шалдыққандардың жалпы саны 5 578 адамды құраған. Мұны вирустың таралуы картасындағы мәліметтер растап отыр.

Интерфакс хабарлағандай, сәрсенбіде қалыптасқан жағдайға сәйкес, жаңа пневмонияға шалдығу оқиғаларының саны 2003 жылғы типсіз пневмонияның (SARS) расталған жағдайларынан асып кетті. 

Ресми деректер бойынша, 2002 жылдың соңынан 2003 жылғы 16-тамызға дейін Қытайдың материктік бөлігінде типсіз пневмонияның 5 327 жағдайы тіркеліп, 4 959 науқас анықталса, 349 жағдайда науқастар қаза ұшыраған.

Бұдан бұрын Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов рқаңтарда Қазақстанға Қытайдан 25 мыңнан астам адамның кіргені туралы айтып берген. Олардың төртеуі өткір респираторлық вирустық инфекцияға ұшырады деген күдікпен ауруханаларға жатқызылған болатын.

Естеріңізге салсақ, коронавирустың барлық түрлері (ал олар 40-қа жуық) адамды дертке шалдықтыруға қабілетті емес. Жаңа коронавирус 2019-nCoV деп аталады. Ол, мәселен, ЖРВИ немесе тұмау сияқты. Ол өлімге ұрындыру қауіпі жоғары типсіз пневмонияны қоздырады. 2020 жылғы 14-қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрын жануарлардан тарап, мутацияға ұшыраған коронавирустың жаңа түрінің адамнан адамға берілетінін ресми түрде мойындады.