Қытайдағы коронавирус құрбандарының саны 170 адамға жетті
Өткен тәулікте Қытайда пневмонияның жаңа түріне шалдығудың 1 731 расталған оқиғасы тіркеліп, сырқаттардың қазаға болуының 38 жағдайы орын алды, деп хабарлайды Интерфакс.
ҚХР Мемлекеттік комитетінің деректері бойынша, қазаға жеткізген 38 жағдайдың 37-сі дерт тарауының орталығы болып табылатын Хубэй провинциясының үлесіне тиесілі болса, тағы бір оқиға Сычуань провинциясында орын алған. Өткен жылғы желтоқсаннан бері елде, барлығы, коронавирустың жаңа тұрпаты қоздыратын пнемонияға шалдығудың 7 711 оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 170 адам қаза болды.
Осы орайда, атап айтарлығы, Хубэйде 4 586 науқас тіркеуге алынса, олардың 2 261-і – коронавирустың тарауы басталған провинцияның әкімшілік орталығы Ухань қаласының үлесінде. Провинцияда коронавирустың құрбанына ұшыраған 162 адамның 129-зы Ухань қаласына тиесілі.
Материктік бөліктен тыс жердегі Қытай аумағында пневмонияның жаңа түріне шалдығудың 25 расталған оқиғасы тіркелген: 10 жағдай Гонконта, жетеуі – Макаода және тағы сегіз оқиға Тайваньда орын алған.