Ұшақтарға Иранның әуе кеңістігімен ұшуға қайта рұқсат берілді

Жарияланды 30 Қаңтар 2020 05:15

Авиациялық қауіпсіздіктің Еуропалық агенттігі Иран үстімен кез келген ұшудан бас тарту жөніндегі ұсынысын алып тастады, делінген ведомствоның сайтында.

Хабарламада 28-қаңтарда ЕО-ның авиациялық қауіпсіздікті бағалау тобының отырысы өтіп, оның қорытындылары бойынша, Иранның және Ирактың үстімен ұшуға тыйым салуға қатысты ұсыныстардың кері қайтарылып алынғаны айтылған.

Естеріңізге салсақ, 8-қаңтарда ирандық әскерилер қателікке жол беріп, «Украина халықаралық әуе жолдары» авиакомпаниясының жолаушылар ұшағын атып құлатқан болатын. Ұшақ бортында болған 167 жолаушы және экипаждың 9 мүшесі қаза болған-ды.
 

Сондай-ақ оқыңыз