Ресурстар

ҰБТ-ға кіргізу ережелері күшейтіледі

Енді телефонды пайдалануға талпынғандар емтиханға жіберілмейтін болады

Оқушының жүйені алдауға тырысу фактісі оны ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) кіргізбеуге жеткілікті негіз болады. Бұл турасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

«Біз биыл өзгерістер енгіздік, оларға (оқушыларға) айттық, сендерді ұстап алу міндетті емес. Егер сендер телефонмен келіп, оны металл іздегіштен алып өткенде, сендердің бойыңнан телефон табылса – біз сені емтиханға кіргізбейміз. Өйткені сен бізді алдағың келді. Сенің алдауға тырысуыңның өзі  сені тестілеуге кіргізуге болмайды дегенді білдіреді», – деді ол.

Министрдің айтуынша, мұндай шаралар осы жылдың қаңтарынан пайдаланыла бастады.

 «Маусымда біз өте қатаң әрекет ететін боламыз. Алдау, адал болмау –кешірім жасауға болмайтын қасиеттер. Егер емтихнға қатысушы тыйым  салынған затпен келетін болса, біз оны автоматты түрде кіргізбеуіміз керек. Тек тыйым салынған заттың болғаны үшін ғана, тіпті, ол көшіріп үлгермесе де. Бірақ факті бар, ондай жағдайда біз тиісті акті толтырамыз да шығарып жібереміз (оқушыны)», – деп түйіндеді министр.

Қаңтардың 16-нан 20-на дейінгі аралықта еліміздегі 99 тестілеу орындарында ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. Келесі ақылы ҰБТ наурызда өтеді. Маусымда тегін тестілеулер өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша ЖОО-да тегін оқуға мүмкіндік беретін грантқа қол жеткізуге болады.