Қытайда өткен тәулікте коронавирус қоздырған пневмониямен аурудың расталған 2 829 жаңа жағдайы орын алып, тағы 57 адамның қаза болғаны тіркелді. Бұл турасында Синьхуа хабарлады.
ҚХР-дың Денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері бойынша, олар жексенбіде провинциалдық деңгейдегі 31 әкімшілік бірліктерден және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусынан коронавирус қоздырған пневмониямен сырқаттанудың расталған жаңа 2 829 оқиғасы, сондай-ақ қаза болудың 57 жаңа жағдайы туралы хабарлама алған.
Комитет хабарлағандай, жексенбіде сырқаттан қаза болған 57 адамның арасындағы бір жағдай орталыққа бағынатын Чунцин қаласында орын алса, қалған 56 оқиға Хубэй провинциясында тіркелген.
Бұдан бөлек, 2-ақпанда коронавирустың жаңа түрін жұқтыруы мүмкін деген болжаммен 5 173 жаңа оқиға тіркелген, деп хабарлады комитет.
Белгілі болғаны, жексенбіде 186 адамның ахуалы ауыр ретінде бағаланса, өткен тәулікте, барлығы, 147 адам, сауығуына байланысты, ауруханадан шығарылған.
Жексенбінің соңына қарай, жаңа тұрпаттағы коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны елдегі провинциалдық деңгейдегі 31 әкімшілік бірлік пен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында 17 205-ке жеткен, деп хабарлайды, осы дерттен барлығы, 361 адамның мерт болғанын атап өткен, комитет.
Барлығы, сырқаттармен тығыз байланысты болған 189 583 адам анықталған, олардың ішіндегі 10 055 адам жексенбіде медициналық бақылаудан босатылса, тағы 152 700 медициналық бақылауға алынған. Жексенбінің соңындағы жағдай бойынша Сянганда, Аомэнь мен Тайваньда коронавирустың жаңа түрі қоздырған пневмноияны жұқтырудың, тиісінше, 15, 8 және 10 жағдайы тіркелген.
Бұдан бұрын, Қазақстанның Қытайға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екені туралы хабарланған болатын.