Ресурстар

«Елдің бәрін коронавирусқа тексерудің қажеті жоқ» – Е.Біртанов

Үрейге бой алдырмаған жөн

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтандарды дүрлікпей, тек ауру белгісі болса ғана коронавирусқа тексерілуге шақырды. Сондай-ақ, коронавирусты анықтайтын тест жасалғанын айтып өтті. 

«Шетелден, тіпті, Қытайдан келген адамдардың барлығынан бірдей коронавирусқа зертханалық сынама алудың еш қажеті жоқ. Бұл зерттеу адамда ауру белгісі болса ғана, дәрігердің нұсқауымен жүргізіледі. Өйткені дене қызуы, жөтелу сынды белгілері бар аурулардың 99 пайызы кәдімгі тұмау жұқтырған болып шығады. Қазір бүкіл 18 млн адамды коронавирусқа тексеріп шығудың еш қажеті жоқ»,– деді ол.

Министр ауру белгілері болса ғана, коронавирустан тексерілуді өтінді. Өйткені «көңіл тыныштығы» үшін тексерлудің еш мәні жоқ, өйткені адам тест нәтижесі шыққаннан кейін де инфекция жұқтырып алуы ғажап емес. 

«Біз жаңа коронавирус инфекциясын анықтайтын тестті жасадық, қазір оның  санын көбейтеміз. Бұл коронавирус жұқтыыруы мүмкін делінген пациенттердің барлығы тексеруден өтеді. Нәтижесі бірнеше сағаттан соң қолымызда болады», – деді Біртанов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде инфекция жұқтырды деген күдікпен  ауруханаға жатқызылған 33 адам ем алып жатыр, оларда коронавирус емес екені анықталған. 

Айта кетейік, Ресей Қазақстанға жаңа коронавирус инфекциясын анықтайтын құралдарды берген болатын.