Қытайда коронавирустан 420-дан астам адам қайтыс болды

Жарияланды (жаңартылды )
Дерттен айыққан 157 адам ауруханадан шығарылды

Дүйсенбідегі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан қаза болудың 425 жағдайы тіркелген. Қытайдағы провинциалдық деңгейдегі 31 әкімшілік бірлік пен Шыжаң өндірістік-құрылыстық корпуста пневмонияның, барлығы, 20,438 мың расталған оқиғасы тіркелген. Бұл турасында Синьхуа хабарлайды.

ҚХР-дың Денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері бойынша, коронавриустың жаңа тұрпаты қоздырған пневмониядан айыққан 632 адам ауруханалардан шығрылған.  

Дүйсенбіде тиісті ем қабылдап, дерттен сауыққан 157 адам ауруханалардан шығарылды.

Естеріңізге салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирус салдарынан үрейленіп, дүрлікпеуге шақырған болатын. 

 

Сондай-ақ оқыңыз