Ресурстар

Елімізде 14 жаңа халықаралық авиарейс ашылады

2019 жылы 12 жаңа бағыт ашылған

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады. Кездесу барысында президентке «ашық аспан» жүйесін құру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда. 

«Биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал әуе компаниялары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспарлануда. Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр»,– делінген хабарламада. 

Роман Скляр Мемлекет басшысының 2019 жылғы тапсырмалары орындалып, нәтижесінде, жаңа 12 бағыт – Елордадан Прагаға, Ұлан-Батырға және Токиоға рейстер ашылғанын хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы бәсекелестікті арттырудың маңыздылығын атап өтіп, оның жолаушыларға қызмет көрсету сапасына және азаматтық авиацияны дамытуға оң әсер ететінін айтты.