Ресурстар

Ғарышкерлер қазақ даласына қонды

Кеме экипажына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ

«Союз МС-13» ғарыш кемесінің қонушы аппараты Қазақстанның кең даласына қонды, деп хабарлайды «РИА Новости».

Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ресейлік Александр Скворцов, итальяндық Лука Пармитано және американдық Кристина Кук оралды.

«Экипаждың ахуалы – қанағаттанрлық», – деп жазды Twitter-де Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин.
Сонымен қатар, «Союз МС-13» ғарыш кемесінің ХҒС-тен Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11 сағат 50 минутта ажырағаны хабарланған. Станцияда ресейлік Олег Скрипочка және  американдықтар Эндрю Морган мен Джессика Меир қалды.

Бұған қосарымыз, «Союз МС-13» ХҒС-ке 2019 жылғы 21-шілдеде жеткен болатын.