Қытайда инфекция жұқтырғандардың саны 28 мыңнан асты. Осы ауру салдарынан 563 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Бір күн ішінде жаңа типтегі коронавирустан туындаған пневмониямен 3634 адам ауырып, 73 адам қайтыс болған. 1 153 адам осы аурудан айығып, ауруханадан шыққан.
Бұған дейін Қытайдың Ухань қаласындағы қазастандық студенттер елге қайтарылғаны хабарланған болатын.