Қазақстанның қыздары Сауд Арабиясында құлдықта болған

Жарияланды
Осы іс бойынша күдіктілер арасында Қазақстан азаматтары да бар

Қазақстанның 21 азаматшасы Бахрейнде құлдықта болған, деп хабарлайды  ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Жалақысы жоғары жұмыс іздеп шетел асқан қыздарды Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы сексуалдық құлдықтан босатқан.

«Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жаңдайда күш көрсеткен», –делнген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз