Елорда әкімі биыл 7881 үлескер баспаналы болады деп уәде берді

Жарияланды
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
«Сақалды құрылыс» атанып кеткен 20 шақты үйдің құрылысы бітеді

Халыққа есеп беру жиынында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ел астанасындағы «сақалды құрылыс» мәселесінің қашан шешілетінін айтып өтті. 

«Жалпы бұл тізімге қала бойынша 76 көпқабатты үй кірген. Былтыр атқарылған кешенді шаралардың арқасында 10 көппәтерлі үйді пайдалануға беріп, үлескерлердің қатарын 2,5 мыңға азайттық», –деді әкім. 

Дегенмен, Көлгіновтың сөзіне сүйенсек, бұл салада түйіні тарқамаған мәселелер жетерлік.

«Биыл үлескерлік құрылыс саласындағы пайдалануға берілетін нысандардың қатарын екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Қалғанын алдағы үш жылда шешеміз», – деп уәде берді қала басшысы. 

20 шақты тұрғын үй құрылысының бітуі биыл 7881 үлескерді баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал кейінгі үш жылда, әкімнің айтуы бойынша, 4725 үлескерге пәтер кілті тапсырылады. 

Үлескерлік құрылыстағы негізгі проблемалар – құрылыс компаниялары және үлескерлердің арасындағы сот, жоба-сметалық құжаттама және сараптаманың, қаржылық және техникалық аудиттің болмауы.  

Сондай-ақ оқыңыз