Катар мемлекетінің әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль-Тани 2020 жылдың 10-11 наурызында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының жоғары деңгейдегі бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.
Отырыс барысында бяндамашылар ынтымақтастық жоспарын кеңейту, инвестиция тарту, жер қойнауы мен табиғи ресурстарды пайдалану, әлеуметтік нысандар салу және сыртқы экономикалық қазақстандық-катарлық байланыс әлеуеті мәселелеріне тоқталды.
«Біз Катар мемлекетіне Таяу Шығыстағы маңызды әріптесіміздің бірі ретінде қараймыз. Жалпы, біздің мемлекеттеріміз дипломатиялық байланыстың 27 жылы ішінде өзара сенімге құрылған сындарлы диалог орнатып отыр. Қазақстан үшін Катар – уақытпен сыналған дос әрі сенімді әріптес», – деді Дәленов.
Іс-шарадан соң Катар өкілдері катарлық тараптың екі ел бизнесмендерінің тығыз байланысын орнатуға мүдделі екенін және бүгінгі отырыс екі мемлекеттің іскерлік ортасын жақындастыруға ықпал ететінін атап өтті.