Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай?

Жарияланды
Қытай мен өзге мемлекеттерден келген азаматтар бақылауға алынған

2020 жылдың 6 қаңтар -17 ақпан аралығында Қазақстанға шетелден 31 375 адам келген. Олардың арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

«Мамандар халықаралық әуежай және теміржол вокзалы, Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінен өткен  31 363 адамды қарап-тексерді. Мониторингке барлығы 24 416 келгендер алынды, 23 522 қамтылды, мониторингтен 19 247 алынды» делінген хабарлама.

Сондай-ақ, соңғы 14 күнде келген 5169 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға жатқызылғандары  – 727 адам.

Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 155 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 144 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 11 адам қалған.

«ҚХР-дың Ухань және Пекин қалаларына жүрген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үш әуе рейсімен эвакуацияланған. Барлық COVID-19 зерттеу нәтижелері теріс», – деп мәлімдеді ДСМ. 

Сондай-ақ оқыңыз