Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуінде мектептердегі орын тапшылығы мәселесі көтерілді. Әсіресе бұл Алатау ауданындағы кейбір шағын аудандар үшін өте өзекті.
Әкімнің айтуынша, 2021 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12 900 орынды 8 мектеп салу жоспарлануда. Бұл 8 мектептің біреуі «Рахат» ықшамауданында ашылады. 2020 жылдың өзінде оқу жылының басына қарай –1800 орынды 2 мектеп, қолданыстағы мектептерге 2017 орынды 5 қосымша құрылыс салынатын болады.
Жалпы, Алматы – бұл туу мен көші-қон есебінен халықтың өсу қарқыны жоғары ірі мегаполис екенін атап өткен жөн. Орта есеппен алғанда оқушылар саны жылына 12 мың балаға артып келеді.
2019 жылы 13 білім беру нысаны және 3174 орынға арналған 162 жеке меншік мектеп пайдалануға берілген. 2020 жылы 27 білім беру нысанының құрылысы жалғасуда.
Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жеке бизнес те белсенді түрде атсалысуда. 2020-2022 жылы жеке инвестициялар есебінен 2240 орынды 4 мектеп, 8000 орынды 300 балабақша ашу жоспарлануда.
Осылайша, бұл шаралар екі ауысымда білім беретін мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға дейін азайтуға, сондай-ақ 10 мың орынға арналған балабақша кезегін азайтуға мүмкіндік береді.