Өскемен қаласының маңында «Ан 2» ұшағы құлады

Жарияланды
Ұшақ бортында 5 адам болған

Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде ұшақ мәжбүрлі түрде қонды деп мәлімдеді азаматтық авиация комитеті.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Орлан 2000» әуе компаниясының Ан 2 әуе кемесі Өскемен-Ақсуат санитарлық тапсырмасы бойынша ұшуды жүзеге асырғанын хабарлайды», – делінген хабарламада. 

Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы төтенше жағдай туралы айтқан. 

Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым ауданда мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдаған. Қонар қоғалтқыштан өрт шыққан. 

 Ұшақ бортында 5 адам: 3 экипаж мүшесі және 2 қызметкер болған. Зардап шеккендер жоқ. 

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті  оқыс оқиға  Прапоршиково ауылынан 10 шақырым жерде орын алғанын қосып өтті. Ұшқыштың біреуіне медициналық көмек көрсетілген. 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы  бұл іске қатысты тергеу бастады.
 

Сондай-ақ оқыңыз