«Иранда коронавирустық инфекцияға шалдыққандардың саны 2,9 мыңнан асты, зардап шеккендердің саны 92 адамға жетті, 552 адам тәуір болып қалды»- деп хабарлады сәрсенбіде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Киануш Джаханпур. Бұл туралы РИА Новости жазды.
«Бүгінгі түстен кейін 586 жаңа жағдай тіркелді. Жаңа деректерге сүйенсек, індет 2922 адамды шырмаған. Он бес науқас қайтыс болды. Зардап шеккендердің саны 92-ге жетті. Аман қалғандардың саны 552-ке жетті », – деді Джаханпур IRINN эфирінде.