Наурыздың 5-нен бастап, Ақтау мен Құрық портындағы кемелерге қызмет көрсетулер тоқтайды. Себебі Әзербайжан мен Ираннан тасымалданатын адамдар мен автокөлік пен олардың жүргізушілері қауіпті індетті жұқтырып келуі мүмкін деген қауіп бар.
Аталмыш министрліктің мәліметінше, әлемді жаулаған коронавирустан сақтанудың бірден-бір жолы кемелерге қызмет көрсетуді шектеу .
«Қазақстандық кемелер тазалық -індет сақтау қызметінің қатаң бақылауында болады. Кемеде кезекпен жұмыс істейтін тасымалдаушы экипаждар үнемі тексеріліп тұрады. Кез-келген ақпарат Каспий маңындағы мемлекеттерге хабарланады» – делінген ақпаратта.