Қазақстанда тағы 100 адам оқшауланды

Жарияланды
Олар 14 күнге карантинге жіберіледі

 «Наурыздың 5-сі күні  Сеулден Алматыға арнайы рейс ұшып келген еді. Оның ішінде  197 жолаушы болған. Олардың 97-і транзитпен өтетін басқа елдердің азаматтары (Қырғызстан – 23, Өзбекстан – 37, Ресей – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан – 1)»,- деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

 Ал, Қырғызстан  арнайы автобус жіберіп,  полиция қызметкерлерімен бірге 21 өз азаматтарын елдеріне алып кетті. 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 4 наурыздағы өкіміне сәйкес коронавирус инфекциясы (COVID-19)  тарап жатқан  1а санатындағы (Қытай, Оңтүстік Корея, Иран) елдерден келгендер 14 күнге карантинге жабылады. 

Ал, Қазақстандық  100 адам медициналық мекемеге жеткізілді. олардың ішінде  4 -уі бала. Барлық оқшауланған адамдар толық медициналық бақылаудан өтеді.

Еске сала кетейік, карантин кезінде оқшауланған жерден кетуге тыйым салынады. Карантинде тұрған адам режимді бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз