Қазақстандық туристерге АҚШ, Филиппин мен Үндістанға баруға болмайды

Жарияланды 12 Наурыз 2020 09:30

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Әлемге төнген пандемияның кесірінен Қазақстан жұртшылығы 17 елге бара алмайтын болды. Әсіресе мәдени, спорттық және туристік шараларға қатысуға тиым салынды. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді. 

Брифингта ол, бұл шектеулер 1а, 1б, 2 және  3 категорияларына қатысты екендігін айтты. 

Ол категорияларға : 

1а): Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Италия;
1б): Франция, Германия,  Испания;
2: Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды; 
3: Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин, АҚШ

 

Сондай-ақ оқыңыз