Әлемге төнген пандемияның кесірінен Қазақстан жұртшылығы 17 елге бара алмайтын болды. Әсіресе мәдени, спорттық және туристік шараларға қатысуға тиым салынды. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Брифингта ол, бұл шектеулер 1а, 1б, 2 және 3 категорияларына қатысты екендігін айтты.
Ол категорияларға :
1а): Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Италия;
1б): Франция, Германия, Испания;
2: Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды;
3: Бельгия, Швеция, Норвегия, Үндістан, Ирак, Филиппин, АҚШ