Бүгін Қазақстанның екі азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
» Бүгін біз тексеру барысында екі азаматтан коронавирус шыққанын анықтадық. Олар Германиядан ұшып келген «,-деді Біртанов.
Қазір екеуі де Алматыда.
«Қазіргі таңда бұл екі науқас та инфекциялық стационарға жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ, халі жақсы. Қажетті шаралардың барлығы қабылданып жатыр «- деді Денсаулық сақтау министрі.
Оның айтуынша, бір ер және бір әйел адам 9-ы және 12 наурызда ұшып келген. Сол 9 наурызда ұшып келгендердің барлығы карантинге жіберілген. Сол күнгі рейсте болған 73 жолаушыны тауып, карантинге жатқызу жағын қарастырып жатырмыз деді Біртанов.