Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір пациент анықталды

Жарияланды (жаңартылды )
«Тұтыну нарығы» бөлімінің редакторы
Ол кісі Миланнан келген

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Қазіргі кезде тағы бір пациенттен алынған тест оң нәтиже көрсеткені анықталды. Бұл кісі елордаға 12 наурыз күні Милан қаласынан келген», – деді ол.

Пациент ұшақтан түсе салысымен карантинге жатқызылған. Қазіргі кезде онымен араласқан барлық адамдар анықталуда. 

Бұған дейін бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин коронавирус елімізде 11-16 наурыз аралығында анықталуы мүмкін екенін айтқан еді. 13 наурыз, жұма күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізге екі кісі инфекция жұқтырғанын мәлімдеді.

ДДСҰ коронависты пандемия деп жариялап, соған байланысты елімізде індет таралуының алдын алу шаралары қолға алыған. 

Үкімет халықты дүрбелеңге салынбауға шақырып, елімізде азық-түлік қоры жарты жылға жететінін мәлімдеген болатын. 

Мемлекет басшысы қоғамдық іс-шаралардың бәріне тиым салынып, азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың тапшылығы болмайды деп сендірді. 
 

Сондай-ақ оқыңыз