Онлайн білім алуға қажетті ресурстар

Жарияланды
Министрлік ұсынған тізім

Қазақстан оқушылары 16 наурыз – 5 сәуір аралығында дамалысқа шығып, студенттер онлайн оқуға көшкені белгілі. Апта басынан елімізде 1 айға төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілді. Бірқатар мекемелер қашықтан жұмыс істеуге көшті. Осы орайда Білім және ғылым минстрлігі каникул уақытында және карантин жағдайында қажет болар бірқатар ресурстардың тізімін жинақтаған. Соларды назарларыңызға ұсынамыз.

БАРЛЫҒЫ ҮШІН: 

1. «Coursera» — жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба. Компания ҚР Білім және ғылым министрлігіне ақпаратқа тегін қол жеткізу ұсынысымен жүгінгендігін айта кеткен жөн.
https://www.coursera.org/

2. Хан академиясы — коммерциялық емес білім беру ұйымы. Оқушылар үшін ресурс қолжетімді әрі тегін. 
https://ru.khanacademy.org/

ОҚУШЫЛАР ҮШІН: 

1. «Bilim media Group». 40 мыңнан астам материал шоғырланған білім беру контенті бар үлкен база. Қазақстандық компания барлық ресурстарға деген қолжетімділікті тегін ашып отыр.
https://bilimland.kz

2. «Daryn Online». Бағдарлама мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді.
https://daryn.online

3. Opiq Платформасы. Интерактивті ресурсқа мектеп оқулықтары жүктелген. Оқулықтардың басым бөлігі «Алматыкітап» баспасына тиесілі. Аталған эстониялық жобаға басқа да кітап баспалары қосылады деп күтеміз.
www.opiq.kz

4. ҰБТ-ға дайындалуға арналған виртуалды тренажер iTest.
www.itest.kz

5. Оқушылар мен студенттерге арналған білім беру порталы.
https://100ballov.kz/

6. NIS Play 
http://play.nis.edu.kz/application/registration

7. STEM академиясы.
https://stem-academia.com/en/main-page/

8. IMektep бастауыш мектеп бағдарламасы.
www.imektep.kz

9. STEM зерттеу платформасы.
http://makeathon.kazneuro.kz/

КОЛЛЕДЖДЕР ҮШІН:
1. Atameken Academy
https://atameken.co/ru/courses

ЖОО ҮШІН: 

1. Moodle — курсты басқару жүйесі, сондай-ақ оқытуды басқару жүйесі немесе виртуалды оқыту ортасы ретінде белгілі. Еліміздің жоғары оқу орындары осы ресурсты пайдаланатыны қуантады.
https://moodle.enu.kz/

2. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана
http://www.rmeb.kz

3. QAZAQSTAN TARIHY
https://e-history.kz/ru/scorm

4. «Қарапайым математика»
http://www.bymath.net/

5. Blended learning
https://blendedlearning.pro/

 

Сондай-ақ оқыңыз